BasNewsЖаңалықтар
Қазақстанда Калашников автоматтары жасалады

Қазақстанда Калашников автоматтары жасалады. Мәскеу маңындағы Жуковскийде өтіп жатқан МАКС-2021 халықаралық әуе ғарыш форумында келісімге қол қойылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Қазақстан «Байкал» ұшағын шығаруды, Калашников автоматын құрастыруды, сондай-ақ авиациялық техника компоненттерін шығаруды бастайды», – делінген хабарламада.
Қару «ТЫНЫС» АҚ зауытында шығарылады: МАКС-2021 шеңберінде Қазақстан Республикасы аумағында Калашников автоматтарын жасау туралы шартқа қол қойылған. Жобаның операторы «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ компаниясы. АК-12 және АК-15 сияқты заманауи атыс қаруын бірлесіп өндіру саласындағы екіжақты ынтымақтастық тамызда басталады.



