BasNewsЖаңалықтар

Екібастұзда сегіз жасар қыз аккумуляторға арналған қышқылды ішіп қойған

Екібастұзда сегіз жасар қыз абайсызда аккумулятор қышқылын ішіп қойып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Pavlodarnews.kz мәліметі бойынша, кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде өткен тәулікте екі жазатайым оқиға тіркелген. Қайғылы оқиға салдарынан екі адам зардап шекті.

Мәселен, 12 тамыз күні сағат 09.40-та Екібастұз қаласының ауруханасына 2013 жылы туған кәмелетке толмаған бала жатқызылды. Ол өз үйінде абайсызда аккумулятор қышқылын ішкен, – деді баспасөз қызметі.

Сол күні сағат 09.10-да Екібастұз қаласындағы пәтерде 41 жастағы тұрғын абайсызда аммиак қышқылын ішкен. Ер адам ауруханаға жатқызылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button