BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанда COVID-19 бен пневмониядан 123 адам қайтыс болды

Денсаулық сақтау министрлігі бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 123 науқас қайтыс болғанын мәлім етті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Министрлік мәліметінше, 14 тамызда коронавирус жұқтырғаны расталған 98 адам қайтыс болған. ПТР-сынамасы теріс нәтиже көрсеткен 25 адам пневмониядан қайтыс болды.

Сондай-ақ, 16 тамыздағы мәлімет бойынша 119 547 адам коронавирус инфекциясынан (114 790 КВИ+ және 4 757 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

  •  31 910 пациент стационарда,
  • 87 637 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 1 937 адамның жағдайы ауыр,
  • 507 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 228 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button