BasNewsЖаңалықтар
Сыртқы істер министрлігі Ауғанстанның 70 000 азаматын қабылдау туралы ақпаратты жоққа шығарды

WhatsApp мессенджерінде Қазақстанға Ауғанстанның 70 000 азаматы келеді деген қауесет тарады, деп хабарлайды Basnews.kz Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.
Алғашқы 500 адам ұшақпен Шымкент әуежайына қонған, алдағы күндері тағы 1500 адам келеді екен. Ауғанстаннан босқындардың келетіні және олардың Шымкент пен Түркістан облысына орналастырылатыны туралы ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігі жоққа шығарды.
– Бүгінгі күні тараған ақпарат шындыққа жанаспайды, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.



