BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанда COVID-19 жұқтыру жағдайлары көбейді

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 6 040 жағдайы тіркелді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 24 тамыздағы эпидемиологиялық жағдай туралы:

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 6 040 жағдайы тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 754 891-ге жетті«, – делінген хабарламада.

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласында – 505,
  • Алматы қаласында – 1590,
  • Шымкент қаласында – 220,
  • Ақмола облысында – 265,
  • Ақтөбе облысында – 388,
  • Алматы облысында – 358,
  • Атырау облысында – 307,
  • Шығыс Қазақстан облысында – 167,
  • Жамбыл облысында – 202,
  • Батыс Қазақстан облысында – 123,
  • Қарағанды облысында – 843,
  • Қостанай облысында – 269,
  • Қызылорда облысында – 98,
  • Маңғыстау облысында – 202,
  • Павлодар облысында – 317,
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 122,
  • Түркістан облысында – 64.

Басқа жаңалықтар

Back to top button