BasNewsЖаңалықтар
Қазақстанда COVID-19 жұқтыру жағдайлары көбейді

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 6 040 жағдайы тіркелді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 24 тамыздағы эпидемиологиялық жағдай туралы:
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 6 040 жағдайы тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 754 891-ге жетті«, – делінген хабарламада.
Оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан қаласында – 505,
- Алматы қаласында – 1590,
- Шымкент қаласында – 220,
- Ақмола облысында – 265,
- Ақтөбе облысында – 388,
- Алматы облысында – 358,
- Атырау облысында – 307,
- Шығыс Қазақстан облысында – 167,
- Жамбыл облысында – 202,
- Батыс Қазақстан облысында – 123,
- Қарағанды облысында – 843,
- Қостанай облысында – 269,
- Қызылорда облысында – 98,
- Маңғыстау облысында – 202,
- Павлодар облысында – 317,
- Солтүстік Қазақстан облысында – 122,
- Түркістан облысында – 64.



