BasNewsЖаңалықтар
Қостанайда әкесі қызын зорлады деген күдікке ілінді
Қостанай облысында ер адам бірнеше жыл қызын қорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция осы оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 122-бабы бойынша соталды тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады. Қылмыстық істің деректері кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығын қорғау мақсатында жарияланбайды. Қазіргі кезде зардап шеккен баламен психологтар жұмыс жасауда.
Қорғаушының айтуы бойынша, қыз бала не болып жатқанын түсінбеген.
«Қыздың анасы бұл туралы тек алдыңғы күні ғана білді. Қыз бала басылып қалған», – деді қорғаушы.



