BasNewsЖаңалықтар

Алматыда биыл 5 мыңға жуық жаңа жол белгісі орнатылды

Алматы қаласының әкімшілік полициясы биыл қанша жол белгісі орнатылғанын мәлім етті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Алматы қаласы әкімшілік полициясының мәліметінше, Алматыда көше-жол желісінің ұзындығы 3 мың 096,8 шақырымды құрайды.

2 746 көше бар. Оның 385-і – негізгі маңызы бар. Ұзындығы – 1 150 шақырым.

2 361 жергілікті көше бар. Ұзындығы – 1 946,8 шақырым.

«Алматыда қазір 29 998-ден астам жол белгісі, 392 117 м2 жол таңбалау желілері жұмыс істеп тұр. Жалпы биыл 4 711 жол белгісі орнатылып, қалпына келтірілді. 161 көшеге, яғни, 279 191 м2 жол сызығы салынды. Ұзындығы 3,333 шақырым жол қоршауы орнатылды. 47,8 шақырым жол қоршауы сырланды. Сонымен қатар, биыл 8 жерүсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы аяқталуда»,- деді Алматы қалалық полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрлан Аманбек.

Сондай-ақ, оның айтуынша «Назар аударыңыз, балалар» алдын алу шарасы кезеңінде 1-23 қыркүйек аралығында мектептер маңында жасанды біркелкі емес жолдар орнатылды.

Оның ішінде 164 – стандартты асфальтбетон, тағы 36 трапеция тәрізді.

Жалпы, білім беретін мекемелер аумағындағы жасанды біркелкі емес жолдардың саны – 570.

Басқа жаңалықтар

Back to top button