BasNewsЖаңалықтар

Қазақстан елшілігі Украинадағы қазақстандықтарға үндеу жасады

Елшілік төтенше жағдай кезінде көмек көрсету үшін Украинадағы қазақстандықтардан консулдық есепке тұруды сұрады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі  өкілдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, елшілікке келмей-ақ веб-сайтта орналастырылған тіркеу картасын толтырып, төлқұжаттың көшірмесімен бірге consul.kiev@mfa.kz электрондық поштасына жіберу арқылы консулдық тіркеуге тұруға болады.

Сондай-ақ, Қазақстанның Украинадағы елшілігінің веб-сайтынан, әлеуметтік желідегі парақшалары мен жедел мессенджерлерінен маңызды ақпараттарды алуға болады:

Сайт: https://www.gov.kz/;

Facebook: https://www.facebook.com/;

Instagram: @kazembukr;

Telegram: t.me/KZembassyinUKR;

Telegram-bot: @ConsulKZinUAbot

Елшіліктің байланыс нөмірлері: +38 (044) 483-15-96; +38 (067) 347-04-08 (жедел қоңыраулар үшін).

Басқа жаңалықтар

Back to top button