Қазақстан елшілігі Украинадағы қазақстандықтарға үндеу жасады
Елшілік төтенше жағдай кезінде көмек көрсету үшін Украинадағы қазақстандықтардан консулдық есепке тұруды сұрады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі өкілдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, елшілікке келмей-ақ веб-сайтта орналастырылған тіркеу картасын толтырып, төлқұжаттың көшірмесімен бірге consul.kiev@mfa.kz электрондық поштасына жіберу арқылы консулдық тіркеуге тұруға болады.
Сондай-ақ, Қазақстанның Украинадағы елшілігінің веб-сайтынан, әлеуметтік желідегі парақшалары мен жедел мессенджерлерінен маңызды ақпараттарды алуға болады:
Сайт: https://www.gov.kz/;
Facebook: https://www.facebook.com/;
Instagram: @kazembukr;
Telegram: t.me/KZembassyinUKR;
Telegram-bot: @ConsulKZinUAbot
Елшіліктің байланыс нөмірлері: +38 (044) 483-15-96; +38 (067) 347-04-08 (жедел қоңыраулар үшін).



