BasNewsЖаңалықтар

Алматы облысында ер адам әйелімен жанжалдан соң үйін өртеп жіберді

Алматы облысында үй өртенді. 44 жастағы тұрғын әйелімен ұрыс-керістен соң, өз үйін өртеп жіберді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Биыл 15 ақпанда Талғар ауданында саяжайда үй өртенді. Үйден әйел мен екі кішкентай бала қашып үлгерген.

Дом после пожара в Алматинской области

Үйді өртеген 44 жастағы отағасы ұсталды. Ол кінәсін мойындады. Ер адам әйелімен жанжалдасқан соң үйді өртегенін айтты.

Қылмыстық кодекстің 202-бабы «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button