BasNewsЖаңалықтар
Алматы облысында ер адам әйелімен жанжалдан соң үйін өртеп жіберді
Алматы облысында үй өртенді. 44 жастағы тұрғын әйелімен ұрыс-керістен соң, өз үйін өртеп жіберді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Биыл 15 ақпанда Талғар ауданында саяжайда үй өртенді. Үйден әйел мен екі кішкентай бала қашып үлгерген.

Үйді өртеген 44 жастағы отағасы ұсталды. Ол кінәсін мойындады. Ер адам әйелімен жанжалдасқан соң үйді өртегенін айтты.
Қылмыстық кодекстің 202-бабы «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.



