А. Барменқұлов отандық футболдың проблемалары туралы айтып берді

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов отандық футболшылардың әлемдік деңгейдегі турнирлерге қатыспауларының себебі – тиімсіз басқару жүйесінде екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Ұлттық федерациялардың жұмысын 3 деңгей бойынша бағалайтын халықаралық футбол ұйымдарының нақты критерийлері бар: ілгері дамыған, дамыған және дамып келе жатқан.
Біз бүгін дамып келе жатқан деңгейде тұрмыз.
Сондықтан өңірлік федерациялардан бастап Ұлттық құрама институтына дейін футболды басқару жүйесін қалыптастыруға кірістік, – деді ол.
А.Барменқұлов өзінің 2034 жылға дейінгі Қазақстанда футболды қалыптастыру жөніндегі ұзақ мерзімді бағдарламасын 4 тармаққа бөлді: балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту, отандық кәсіби футболды бизнес-индустрияға айналдыру, халықаралық аренада нәтижелердің өсуі және елде футболды танымал ету.



