BasNewsЖаңалықтар
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы аталып өтілуде

Биыл – тәу етер Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында атап өткендей, азаттықтың алғашқы онжылдығы жаңа Қазақстанның іргетасын қалау кезеңі болды. Сол кезеңде егемен ел екенімізді айшықтайтын нышандар қабылданды. 1992 жылдың 4 маусымында Жоғарғы Кеңес отырысында Мемлекеттік рәміздер бекітілді. Ертең Мемлекеттік Туымыз, Елтаңбамыз бен алғашқы Әнұранымыздың қабылданғанына 30 жыл толады.



