Нұр-Сұлтанда газель түгі қалмай өртеніп кетті

Нұр-Сұлтанда «Газель» дәл жол бойында өртеніп кетті. Оның газ баллоны жарылған. Құтқарушылардың айтуынша, зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ, деп хабарлайды Basnews.kz
Газель өртенген жерден түсірілген видео Instagram-дағы астаналық пабликтердің бірінде жарияланды.
Біздің тілшісіне Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінен хабарлағандай, оқиға 28 шілде күні болған.
Сағат 15:48-де Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Тұран даңғылы, 89 мекенжайында «Газель» өртеніп жатыр деген хабарға жауап берді. Өрт сағат 16:02-де сөндірілді, – деп хабарлайды Нұр-Сұлтан Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Ведомство оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ деп түсіндірді.
Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының бес адамы мен бір техникасы жұмылдырылды.



