Жаңалықтар

Шымкент: Жыл соңында сапалы интернетпен қамту үлесі 95%-ға жететіндігі жоспарлануда

Шымкент қаласында мобильді байланыс операторларымен интернет сапасы төмен 12 елді мекеннің координатасы келісіліп, сәулет қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы тарапынан жер телімдерін рәсімдеу жұмыстары атқарылып, инвесторға ұсынылды. Бүгінде инвестор тарапынан Ақниет, Қызылжар, Игілік, Жаңаталап, Тәуелсіздікке 20-жыл, Азат, Тұран, Асар елді мекендерінен анықталған жер телімдерін қазу, бетон құю және антенна-мачталық құрылғыларды орнату жұмыстары атқарылуда. Ал, жеке нысан иелерімен келісу арқылы Елтай, Тоғыс, Маятас және Бозарық елді мекендеріне базалық станция орнатылып іске қосылды.

Тиісті жұмыстар жыл соңына дейін атқарылса 71 000 жуық қала тұрғындарын сапалы мобильді интернетпен қамтылып, жыл соңында сапалы интернетпен қамту үлесі 95%-ға жететіндігі жоспарлануда.

Аталғандардан бөлек, Қазақтелеком АҚ-ның бағынысты мекемесі «Востоктелеком» ЖШС мен келіссөздер жүргізу нәтижесінде қосымша 20 елді мекенге базалық станция орнату жоспарланып, онда жаңа технологиямен антенна-мачталық құрылғылар орнатылатын болады. Бүгінде, 20 елді мекеннен бос жер телімдерін анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, ағымдағы жылы басқарма өз алдына үлкен әрі маңызды мақсаттарды қойып отыр. Олар: 1. Қала аумағын мобильді интернет желісімен және сапалы байланыс арнасымен қамту үлесін 95% жеткізу; 2. Шалғай орналасқан елді мекендерді сапалы интернет желісімен қамтамасыз ету мақсатында оптикалық желі тартып, қамту үлесін 75% жеткізу; 3. Қаладағы 100% қоғамдық орындарда wi-fi желісімен қамту; 4. Қала тұрғындардың цифрлық сауаттылық деңгейін одан әрі арттыру; 5. Бейнебақылау камералардың санын ұлғайту; 6. Басқармаға бөлінген және бөлінетін бюджетті толық игеру;

Cонымен қатар, «Аманат» партиясының жол картасына сәйкес ағымдағы жылы:

  1. Қала тұрғындардың жоғары жылдамдықтағы интернет желісіне қол жетімділік үлесін 95% жеткізу;
  2. IT саласына 1,5 млрд теңге инвестиция тарту;
  3. Жаңа IT компанияларын құру;
  4. «112» байланыс орталығын ашу бойынша жұмыстарын атқару.

Сондай-ақ, Цифрлық даму министрлігімен жасалған «Технологиялық серпіліс» ұлттық жобаға сәйкес:

  1. АКТ саласында 427 жұмыс орнын ашу;
  2. Жоғары оқу орындарынан білікті 400 маман даярлау;
  3. Заманауи IT мектеп ашу.

Өздеріңізге белгілі 2021 жылы қаладан шалғай орналасқан                  14  шағын аудан мен елді мекенге базалық станция орнатылып, 136 000 жуық қала тұрғыны сапалы интернетпен қамтылған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button