Шымкент: Еңбекші ауданында 103 көше жарықтандырылған

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы аумағындағы 702 шақырымды құрайтын 611 көшенің қазіргі таңға дейін 103 көшесі жарықтандырылған.
Өткен жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасына аясында 18 көшеге 20,9 шақырым жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Олар: Спатаев, Қоңыр су, Қызылбайыр, Жаңадария, Тартоғай, Шүкіров, Ш.Уәлиханов, Бадам-2 т.а. Орталық, Жылқышиев, Ғ.Иляев, Пченичных, Х.Пазиков, Ақпан батыр, Шаңырақ т.а. Шымқорған, К.Тленшин, Елтай т.а. Найзатас, Айнатас т.а. Орталық, 18 ш/а ішкі орам жолы көшелері.
2022 жылға – 34 көше (51,1 шқ, 31,0%) жарықтандыру жоспарда бар, қазіргі таңда 18 көше жарықтандырылды. Олар: №44 мектепке баратын Әлімбетов, Сапарбаев, Маметова, Әбдалиев, Ипмағанбетов, Жаңақұрылыс, Көкжиек көшелері, Жұлдыз т/а №94 мектепке баратын Маметова, Гагарин, Дачная көшелері, Маятас т/а Б.Момышұлы, Жарлыкөл көшелері, Айнатас т/а Орталық көшесі, Елтай т/а Оспанов, Орталық көшелері, Тоғыс т/а (Мұнайбарлаушылар) көпқабатты үйлер аулалары-3көше. 1 көшеге қайта құру жұмыстары жүргізілуде (Желтоқсан). Жыл соңына дейін 15 жарықтандырылады. 2023 жылға – 37 көше (51,7 шқ, 38,3%) жарықтандыру жоспарда бар.
Ауданда ұзындығы 702 шақырымды құрайтын 611 даңғылдар, көшелер мен өткелдер бар. Жолдардың 502 шақырымы (71,5%) асфальт, 181 шақырымы (25.8%) тас, 19 шақырымы (2.7%) топырақты құрайды. Жолдардың жағдайын жақсартуға жылдан жылға жақсы көңіл бөлініп келеді. Мәселен былтырғы жылы 4 магистралдық және 53 қалаішілік көшелерге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілсе, 2022 жылы былтырғы көсеткіштен жоғары, жалпы 86,4 шақырымды құрайтын 132 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде, 99 көшеге асфальт қабаты төселіп, пайдалануға берілді, 33 көшеде жұмыс жүргізілуде.
2021 жылы аудан аумағында 14 мекенжайда 3,3 шақырым ирригациялық арықтар орнатылды. Ағымдағы жылы жауын-шашын шамадан тыс жауып, 52 мекенжайда су көлдеу орын алды. Су басудың алдын-алу бойынша бірінші кезекте 7,3 шақырымды құрайтын 21 мекен-жайға ирригациялық арықтар орнату жоспарланып, бюджеттен қаржы бөлінді. Қазіргі таңда мердігер мекеме «Профиленд» ЖШС-і Қызғалдақ көшесінде жұмыстар жүргізуде. Қалған 31 мекенжайға арық орнату 2023-2025 жылдар аралығында жүргізіледі.
Еңбекші ауданы – қаланың өндірістік ауданы болып саналады. Ауданда көптеген өндірістік кәсіпорындар мен мекемелер шоғырланған. Атап айтсақ, Еңбекші ауданында 2 индустриалды аймақ (Оңтүстік және Ордабасы) және 1 арнайы экономикалық аймақ (СЭЗ Оңтүстік) орналасқан. Сонымен қатар аудан аумағындағы 20 359 шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері тіркелген. Аудан 19 шағынаудандардан және Сайрам, Төлеби аудандарынан қосылған 16 тұрғын алаптан тұрады. Еңбекші ауданында 611 көшелер мен өткелдер, 1 парк 2 сквер, 651 көпқабатты тұрғын үйлер мен 32306 жеке тұрғын үйлер орналасқан.