Абай ауданы: 2023-2025 жылдары жарықтандырылған көше саны 259-ға жететін болады

Шымкент қаласы Абай ауданындағы жарықтандыру көрсеткішті арттыру мақсатында биыл мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында аудандағы 111 (30) көшеге жарықшам орнатылды.
Өткен жылға дейін Абай ауданындағы көшелерді 71 көше жарықтандырылған болатын. Сонымен қатар, 2023-2025 жылдары жарықтандырлған көше саны 259-ға жететін болады.
Абай ауданының аумағы 49 704 гектар, халық саны 322 911 адамды құрайды. Аудан аумағында 34 шағын аудандар мен елді мекендер орналасқан. Оның ішінде 453 көп қабатты үй, 258 аула мен 2 саябақ бар.
Абай ауданына 2017 жылы 22,6 млрд.теңге бөлінсе, 2022 жылы 110,8 млрд теңге барлық сала бойынша бөлінген. Яғни 5 жыл ішінде 24 есеге көбейген.
Шымкент қаласы Абай аудан аумағы бойынша 34 елді мекеннің 33-і сапалы ауыз сумен қамтылып, ол 97% құрап отыр. Биыл 5,2 млрд.тг 1 жоба (Құрсай,Арғымақ) құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар 2022 жылдың соңында аяқталып, елді мекен сапалы ауыз сумен қамтылатын болады. Оның ішінде атап өтетін мәселе Көмешбұлақ су көзінен Қ.Төлеметов көшесіне дейінгі магистралдық су құбырының (жоба құны – 7,1 млрд. теңге) құрылыс жұмыстары аяқталып, 9 елді мекендерге сапалы ауыз сумен толық қамтылуда.
Абай ауданының 8 елді мекені 115,9 мың адам (36,0%) орталықтандырылған кәрізбен қамтылған, қалған 26 елді мекен 207,0 мың адам (64,0%) кәрізбен қамтылмаған. Биыл 2 нысанның (Самал-3, Солтүстік-батыс) құрылыс аяқталады. Қалған елді мекендерді қамту бойынша 2022-2025 жылдары аралығында Абай ауданы аумағында 2 кәріз тазалау имараты (КОС) салыну жоспарлануда.
Аудан аумағы бойынша 34 елді мекеннің 31 елді мекені (96%) мемлекеттік электр жарығымен қамтылып отыр. Биыл 3 елді мекеннің (Нұршуақ, Батыс, Жаңаталап) құрылыс аяқталып, сапалы электр жарығымен қамтылып, аудан аумағы 100 пайыз электр жарығымен қамтылатын болады.
Аудан аумағы бойынша 34 елді мекеннің 24 елді мекені (73,5%) табиғи газ жүйесімен қамтылса, қалған 10 елді мекен қатты отынды пайдалануда. 2021 жылы 1 елді мекен (Алтынтөбе) табиғи газбен қамтылды. 2022 жылы 5,3 млрд.тг қаралып, 7 елді мекенде (Көкбұлақ, Батыс, Арғымақ, Ақжар, Ақтас-2, Ақтас, Нұршуақ-2023 жылға өтпелі) құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2023 жылы 3 елді мекенге (Ынтымақ-2, Айкөл, Тәуелсіздікке 20 жыл) құрылыс жұмыстар жоспарлануда. 2024 жылы 1 елді мекеннің (Құрсай) жаңақұрылыс аумағы табиғи газбен қамтылатын болады.



