
Биыл Шымкент қаласы Абай ауданындағы 56 шақырым жол пайдалануға берлетін болады. Жалпы 39 жобаға құны 2,4 млрд.теңге қаралған.
Аудан аумағындағы көшелер саны – 1025 және ол 1034 шақырымды құрайды, атап айтқанда:
— Магистралды — 28 көше 145,4 шақырым;
— Ішкі орамдық — 997 көше 889,3 шақырым.
оның ішінде:
— асфальт жол — 651 көше (63,4%) 659,6 шақырым (63,8%);
— тас жол — 352 көше (34,8%); 360,9 шақырым (34,9%);
— топырақ жолдар – 22 көше (2,14%); 13 шақырым (1,25%).
Шымкент қаласы Абай ауданындағы жарықтандыру көрсеткішті арттыру мақсатында биыл мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында аудандағы 111 (30) көшеге жарықшам орнатылды. Өткен жылға дейін Абай ауданындағы көшелерді 71 көше жарықтандырылған болатын. Сонымен қатар, 2023-2025 жылдары жарықтандырлған көше саны 259-ға жететін болады.
Абай ауданының аумағы 49 704 гектар, халық саны 322 911 адамды құрайды. Аудан аумағында 34 шағын аудандар мен елді мекендер орналасқан. Оның ішінде 453 көп қабатты үй, 258 аула мен 2 саябақ бар.
Аудандағы 453 көпқабатты тұрғын үйлер 258 аулаға біріктірілген. 2014 жылдан бері жалпы 222 аула абаттандырылып, 56 спорт алаңшасы салынды. 2021 жылы 7 жоба 7 үй ауласы абаттандырылды. Жоба құны 186,5 млн.тг. 2022 жылы 32 жобаға 5 үй ауласы 27 елді мекенде спорт алаңшалары орнатылды. Жоба құны 956,1 млн.тг. 2023 жылға 25 жоба сметалық есептер әзірленуде. Жоба құны 625,3 млн.тг.
Аудан аумағында су басу және көлдеу қауіпі бар 21 мекенжай анықталып (Ұзындығы 11,4 шақырым) 2022 жылы ирригациялық жүйелер салу жоспарланды. Қазіргі таңда, 21 орынға мердігер мекеме анықталуда.
Абай ауданына 2017 жылы 22,6 млрд.теңге бөлінсе, 2022 жылы 110,8 млрд теңге барлық сала бойынша бөлінген. Яғни 5 жыл ішінде 24 есеге көбейген.
Сала бойынша талдағанда:
- Ауыз суға 2017 жылы – 280 млн.тг; 2022 жылы 5,2 млрд.тг.
- Электрге 2107 жылы – 864 млн.тг; 2022 жылы 5,2 млрд.тг.
- Табиғи газға 2017 жылы – 106,4 млн.тг; 2022 жылы 5,3 млрд.тг.
- Кәріз жүйесіне – 2017 жылы – 1,1 млрд.тг; 2022 жылы 1,4 млрд.тг.
- Абаттандыруға – 2017 жылы – 100 млн.тг; 2022 жылы 956,1 млн.тг.
- Жолға – 2017 жылы – 1,7 млрд.тг; 2022 жылы 2,4 млрд.тг.
- Жарықтандыруға – 2017 жылы – 91 млн.тг; 2022 жылы 5 млрд.тг.
- Санитарлық тазалыққа – 2017 жылы – 186 млн.тг; 2022 жылы 2,6 млрд.тг.
- Әлеуметтік салаға – 2017 жылы – 18,1 млрд.тг; 2022 жылы 75,3 млрд.тг.
Ауданның негізгі көрсеткіштеріне келсек, 2022 жылдың 6 айындағы қорытындысы бойынша: Өнеркәсіп сала бойынша — 56,8 млрд.тг; Инвестиция 32,7 млрд.тг; Құрылыс – 3,9 млрд.тг; Тұрғын үй – 65,3 мың ш.м2; Бөлшек сауда – 70, млрд.тг; Жұмыспен қамту — 2110 адам; Ауыл шаруашылығы – 12,3 млрд.тг; Байланыс – 1,3 млн.тг; Көлік қызметі – 72,3 млрд.тг.



