BasNewsЖаңалықтар

Шымкентте “Ұрпақтар келісімшарты” жобасына қатысушылардың дені жастар

Шымкент қаласының тұрғыны Нұрлыбек Асқар “Ұпақтар келісімшарты” жобасының қатысушысы. Осы жылдың мамыр айында қалалық жұмыспен қамту орталығынан жолдама алып “Өзбекәлі Жәнібеков атындағы нөмірі 19 -шы ЖОМ-не жұмысқа жолданған. Мамандығы – қазақ тілі мен әдебиеті пәні. Ол келісім шарт негізінде аталған мектепте еңбек етіп зейнетке шыққан мұғалімнің орнына барған. Қазір жас маман білім ошағының кадр бөлімінде еңбек етуде.

– Қазір оқуын тәмамдаған жас мамандарға мамандығы бойынша бірден жұмыс тауып кету қиын. Тәжірибенің жоқтығы көп кедергі келтіретіні рас. Сондай жағдайда “Жастар практикасы”, “Ұрпақтар келісімшарты”, “Алғашқы жұмыс орны” сияқты жобалардың орны ерекше. Тәжірибе жинақтауда, жаңа ортаға бейімделуде үлесі зор. Өзімнің қатарластарымды аталған жобаларға қатысуға шақырамын, – дейді Нұрлыбек Асқар.

Қазақстанда жұмыс тәжірибесі болмаса да жұмысқа орналасуға бірқатар мемлекеттік бағдарламалар көмек бола алады. Мұндай жобалар туралы біреу білсе, біреу білмес.   Қазіргі уақытта елімізде “Дипломмен ауылға”, “Жастар практикасы” сияқты бағдарламалар жүргізілуде. Осындай бастамаларға сұраныс өскендіктен енді жыл сайын мемлекет жұмыспен қамтуға бағытталған жаңа бағдарламалар ұсынуда. Оның бірі – 2021 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан “Ұрпақтар келісімшарты” бағдарламасы.

Кім қатыса алады?  2021, 2022 жылдары диплом алған жасы-29-ға дейінгі жоғары оқу орындарының және арнайы орта оқу орны түлектері бағдарлама қатысушысы бола алады. Жоба ұзақтығы 6 айға созылады. Ал еңбек келісімшарты он сегіз айға жасалады. Алғашқы 6 ай бойы қатысушыны мемлекет субсидиялайды.   Бағдарламада ұсынылатын жалақы салықтар мен әлеуметтік аударымдарды ескере отырып, 30 АЕК көлемінде. Яғни әрбір қатысушыға 91 890 теңге.

Оқу орындарының түлектері үшін «Алғашқы жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары бойынша жұмыс орындары Ұлттық классификатор аясындағы өз мамандығы мен оған ұқсас мамандықтар тобына жататын кәсіп бойынша жұмысқа орналастырылады.  «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына қатысуға ниет білдірген үміткер өтінішке міндетті түрде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуын растайтын құжатты қоса береді.  Жоба шеңберінде жұмысқа орналасқан адамға «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін 6 айдан аз уақыт қалған тәлімгер бекітіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button