Қаратау ауданы: Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару алаңдары бақылауда

Бүгін Қаратау аудандық СЭБ басқармасының мамандары аудандық әкімдік мамандарымен бірлесіп «Шымкент спец комплекс», «Экоспецкомплекс» мердігерлерінің Қаратау ауданына қарасты Нұрсәт шағын ауданында орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау жұмыстарына ықпал етіп, халықтың тұтыну қалдықтарын жинаумен айналысатын мекемелер арасында қатты тұрмыстық қалдықтарды (әрі қарай-ҚТҚ) жинауға, тасымалдауға және залалсыздандыруға қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптарды түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Талаптарға тоқталсақ:
– Елді мекендерде (тұрғын үй қорының, ұйымдардың, мәдени-бұқаралық мекемелердің, демалыс аймақтары аумақтарында) көлік кіретін жерлері бар, қалдықтарды жинауға арналған контейнерлерді орналастыру үшін арнайы алаңдар бөлінеді. Алаңға қатты жабын жабылады және үш жағынан қалдықтардың желмен таралу мүмкіндігін болдырмайтын биіктікте, бірақ кемінде 1,5 м биіктікте қоршалады;
– ҚТҚ жинауға арналған контейнерлер қақпақтармен жабдықталады. Елді мекендерде контейнер алаңын уақытша қоныстарды (вахталық кенттерді, стационарлық емес объектілер мен құрылыстарды) қоспағанда, тұрғын және қоғамдық ғимараттардан, балалар объектілерінен, спорт алаңдарынан және халықтың демалыс орындарынан кемінде 25 м қашықтықта орналастырылуы тиіс;
– ҚТҚ-ны жинау үшін абаттандырылған тұрғын үй қорында контейнерлерді қолданады, жеке үй иеліктерінде қақпағы бар еркін конструкциядағы ыдыстарды пайдалануға жол беріледі;
– ҚТҚ контейнерлерінің меншік иесі контейнерлерді пайдаланатын халықтың санына, қалдықтардың жиналу нормаларына, олардың сақталу мерзіміне байланысты орнатылатын контейнерлердің санына жүргізілген есептеуді ескере отырып орналастыру қажет;
– ҚТҚ-ны шығару уақтылы жүзеге асырылады. Контейнерлерде қалдықтарды сақтау мерзімі ауа температурасы 0оС және одан төмен температурада үш тәуліктен, температура плюс болғанда бір тәуліктен аспауы тиіс.
Бұған дейін Шымкент қаласының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаменті және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары тарапынан, қала аумағында қолайсыз санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды болдырмау, тұрғындар арасында қауіпті инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу мақсатында, қала және аудан әкімдіктеріне қалада халықтың тұтыну қалдықтарын жинау, пайдалану, қолдану, залалсыздандыру, тасымалдау, сақтау және көму жұмыстарымен айналысатын («ЛТД Тұрмыс», «Эко Спец Транс» ЖШС, «Шымкент Спец Комплекс» ЖШС, «Эко Тазалық Шымкент» ЖШС) және басқа да мамандандырылған ұйымдарға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № ҚР ДСМ- 331/2020 «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрығындағы талаптардың орындалуына ықпал жасауға ұсыныс хаттар жолданған.



