BasNewsЖаңалықтар

Алматыда ағаштарды өртеген ер адам ұсталды

 Алматыда ағаштарды өртеген ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Бейнекамералар мен куәгерлік айғақтардың көмегімен Бостандық ауданындағы өрт орнында күдікті ер адам анықталды. Бұл – 1968 жылы туған ер адам. Ол от жаққанын мойындады», – делінген хабарламада.

Ер адам мас күйде болғанын және консервілерді жылытқысы келгенін айтқан, бірақ өрт бұталарға өткен, сол кезде ер адам қорыққанынан оқиға орнынан кетіп қалған.

Полиция өкілдері оқиғаның мән-жайы анықталатынын айтты.

https://youtu.be/5kwMsMk15mg

Басқа жаңалықтар

Back to top button