12 қазанда Путин Қазақстанға келеді
Ресей президенті Владимир Путин қазан айында Нұр-Сұлтанға Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске және ТМД саммитіне қатысу үшін келеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.
Бұл туралы Ресей президентінің халықаралық істер жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаков айтты.
«Нұр-Сұлтанда өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске президентіміздің қатысуы қаралып жатыр. Сондай-ақ Нұр-Сұлтанда ТМД саммиті өткізіледі. Бұл қазан айының ортасына дәлірек айтсақ, 12-14 қазанға келеді», – деді Ушаков журналистерге.
Сонымен қатар, Ушаковтың айтуынша, Қазақстанда Путинмен өтетін кездесу жоғары деңгейде яғни «Ресей – Орталық Азия» форматында өткізу жоспарланған.
Бұған дейін Қазақстан мен Ресей президенттері 19 тамызда Сочиде кездесті. Сол кезде Тоқаев пен Путин екі елдің қарым-қатынасының дамуына қанағаттанғанын атап өтті.



