Жаңалықтар

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап пилоттық режимде отбасының цифрлық картасын енгізу басталды

Бұл туралы бүгін ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау Комитетінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің басшысы Өнербаев Бахтияр Әлтайұлы баспасөз  брифингте хабарлады.

Іс жүзінде Карта –

  • бұл әлеуметтік мәртебесіне байланысты, кепілдендірілген мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алу құқықтары туралы ақпарат беретін азаматтардың күн сайынғы «электрондық жаршысы»;
  • көрсетілетін мемлекеттік қызметтің проактивті форматының жаңа құралы. Яғни, мемлекет ақпараттық жүйе арқылы азаматқа тиісті органдарға жүгінбей-ақ мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алуды өзі ұсынатын болады.

Бұл қалай жұмыс істейді?

  • Бастапқы кезеңде мемлекеттік органдардағы ақпараттық жүйелердің деректері негізінде отбасылардың әл-ауқат деңгейі мен оларға тиісті мемлекеттік қолдау шараларын айқындау бойынша жұмыс жүргізілді.
  • Қазірдің өзінде цифрлық картада шамамен 6 млн. отбасы және 19 млн. оның мүшелері туралы деректер қамтылған, сондай-ақ «отбасы портреті» деп аталатын деректер қалыптастырылған. Карта деректері отбасы және оның мүшелері мәртебесінің өзгеруіне қарай жаңартылып отырады.
  • Мемлекеттік қолдау шараларын алу құқығы белгіленген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуге келісім алу үшін әлеуетті алушыға СМС-хабарлама жіберіледі.
  • Келісім алғаннан кейін – әлеуметтік жәрдемақы, төлемдер немесе мемлекеттік қолдаудың басқа түрлері тағайындалып, кейін алушының банк шотына аударылады.

Жоба кезең-кезеңмен жүзеге асырылады:

  • 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап – жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдердің 9 түрі бойынша жаңа форматта қызмет алу мүмкіндігі ұсынылды;
  • 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап тізбе әлеуметтік қорғау саласындағы қызметтермен кеңейтілетін болады;
  • 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы мемлекеттік кепілдіктер енгізілетін болады;
  • 2025 жылдан бастап мемлекеттік кепілдіктердің барлық түрлері қамтылатын болады.

Жастардың бастамаларын қолдауға келсек, жыл сайын 300 мыңнан астам жас еңбекке қабілетті жасқа жетеді. Қазақстанның еңбек нарығының болашағын жастар айқындайды. Қазіргі уақытта олар жұмыспен қамтылғандардың 60% – ын құрайды, ал 2030 жылға қарай олардың үлесі Қазақстанның барлық жұмыс күшінің 80% – ынан асады.

Осы мақсатта әлеуметтік лифтілер жүйесін құру және жастарды қолдау бағдарламаларына тәсілдерді қайта қарау қажет. Қолдау шараларының бірі Мемлекет басшысының жастардың кәсіпкерлік бастамалары үшін 2,5% – дан жеңілдетілген шағын несие беруі болады. Қазіргі уақытта берілетін гранттар сомасы жастардың, әсіресе стартаптар үшін барлық жағдай жасалған мегаполистер мен облыс орталықтарында өз ісін ашуы үшін жеткіліксіз екенін мойындау керек.

Басқа жаңалықтар

Back to top button