Жаңалықтар

Шымкентте тұмауға қарсы вакцинациялау басталды

Шымкент қаласы бойынша 2022 жылдың 8 айында жедел респираторлы вирусты инфекциялардың 22046 жағдай тіркелді, 2021 жылдың салыстырмалы кезеңінде 12306 жағдай тіркелген, яғни аурушаңдық 1,7 есеге жоғарылаған. Ауырғандардың ішінде 77,9%-н 14 жасқа дейінгі балалар құрайды.

Өткен эпид.кезеңде (2021 жылдың қазан айы – 2022 жылдың сәуір айы аралығында) тұмау ауруының А (Н3N2) түрінің 16 жағдайы анықталды.

Тұмаудан эпидемиологиялық маусымда аурушаңдықтың алдын алу барысында жергілікті бюджет қаражаты есебінен 134580 доза Гриппол вакцинасы қоймаға жеткізілді. Ол тұрғындардың 12,6%-ын тұмауға қарсы егумен қамтуға жеткілікті.

Жергілікті бюджет қаражатынан сатып алынған вакцина қатерлі топқа жататын тұлғаларға жүргізіледі:

  • диспансерлік есепте тұрған балалар;
  • алты айдан асқан әлсіреген және жиі ауыратын балалар;
  • балалар үйлерінің, сәбилер үйлерінің балаларына, қарттар мен мүгедектер үйлерінің контингентері;
  • медицина қызметкерлері;
  • жүктіліктің екінші немесе үшінші триместріндегі жүкті әйелдер.

Жұмыс берушінің есебінен 1000 доза вакцинамен ЖШС «Интертич» медициналық орталығы егу жүргізеді.

Ақылы түрде ЖШС «Орынбаев» медициналық орталықта жүргізу жоспарлануда.

Қала бойынша 2022-2023 жылдардың эпидемиялық кезеңінде Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, оның аумақтық басқармалары және мүдделі мемлекеттік органдар басшыларының келісуімен ЖРВИ-ге және тұмауға қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық жедел кешенді іс-шаралар жоспары және бұйрық түзілді.

«Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы ҚР ДСМ 27.05.2021 № ҚР ДСМ-47 бұйрығы негізінде тұмау/ЖРВИ алдын алу және індетке қарсы іс шаралар жүргізіледі.

Тұмауға қарсы егуді қаладағы емханаларда егілушінің жазбаша түрдегі ақпараттық келісімімен тегін, дені сау кезде салады. Егу алған адам егуден кейін 30 минут, әрі қарай 3 күндік медициналық бақылауда бақылауда болады.

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, қаладағы медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлерімен тұмаудан эпидемиологиялық маусымға дайындық туралы бұйрық шығарылды. Сонымен қатар, білім басқармасының басшысына тұмаудан эпидемиологиялық кезеңге дайындық жүргізу туралы хат жолданды.

Қала бойынша 2021-2022 жылдың эпидемиологиялық кезеңінде жүргізілген санитариялық-ағарту жұмыстары:

Ағымдағы мерзімде аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандарымен және БМСК мекемелерінің басшылары арасында 2 рет семинар сабақ өткізілді.

Департамент және басқарма мамандарымен 73 семинар сабақ, 12 медициналық кеңес отырысы өткізілді. Теледидар, радиодан 18 сұхбат беріліп, баспаға 16 мақала жарияланды, мектеп, мектепке дейінгі мекемелерінде 140 жиналыс өткізіліп, жүкті әйелдерге 987 дәріс оқылды, 9295 әңгімелесулер жүргізілді.

Тұмау/ЖРВИ-дің алдын алу:

  • Жеке бас гигиенасын сақтау, антисептик немесе сабынмен қолды жиі жуу;
  • Аса қажеттілік болмаған жағдайда, көп адам шоғырланған жерлерге, қоғамдық орындарға бармау;
  • Қоғамдық орындарда және қоғамдық көлікте медициналық бетперде кию;
  • Адам өзін жайсыз сезінсе немесе науқастанып қалған жағдайда, көпшілік орындарға бармай, үйде қалып, дәрігерді үйге шақыру;
  • Әлеуметтік ара қашықтықты сақтау;
  • Науқас адамдармен байланыста болмау;

Аурудың алдын алудың ең тиімді жолы – қорғаныш иммунитетін егумен қалыптастыру.

Басқа жаңалықтар

Back to top button