BasNewsЖаңалықтар
Нұр-Сұлтанда халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тоқтатылды

21 наурыздан 16 сәуірге дейінгі аралықта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы ХҚКО қызметі карантиндік аймақ ауданында тоқтатылады, деп хабарлайды Basnews.kz елорда әкімінің сайтына сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөнінде қабылдаған жедел штабтың шешімі.
«Осыған байланысты байланыс-орталығы арқылы «электрондық үкімет» порталымен электрондық мемлекеттік қызметтерді қашықтынтан алу мәселелері бойынша азаматтарға кеңес беруді қамтамасыз етуі қажет»,- делінген хабарламада



