BasNewsЖаңалықтар
Қызылорда облысында ірі жол апаты болып, 5 адам қаза тапты

Қызылорда облысында Самара – Шымкент тасжолында қайғылы оқиға болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, 3 қазанда Қызылорда облысының Қармақшы ауданы Шымкент – Самара тасжолының 1573/693 шақырымында автобус пен жеңіл көлік соқтығысқан.
«Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша («Автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғу») соталды тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.
Жол апаты салдарынан 5 адам қаза болып, 4 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылған. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр.



