BasNewsЖаңалықтар
Еуропалық кеңестің басшысы Астанаға іссапармен келді

Еуропалық кеңестің президенті Чарльз Мишель Қазақстанға ресми сапармен келді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Премьер-министрдің баспасөз қызметі елордалық әуежайда қонақты Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов қарсы алғанын мәлімдеді.
«Сапар аясында Еуропалық кеңес президентінің Орталық Азия мемлекеттерінің басшыларымен кездесуі, сондай-ақ бірқатар екіжақты келіссөздер жоспарланған», – делінген хаттамада.

Кездесу өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша екіжақты келіссөздер жүргізуді көздейді. Астанада Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары мен Чарльз Мишель кездесуі жоспарланған.



