BasNewsЖаңалықтар

АҚШ Қазақстанға Pfizer вакцинасының 1 миллион дозасын береді

Ашық НҚА порталында ҚР үкіметі мен АҚШ денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі арасындағы гуманитарлық көмек көрсету туралы келісім жобасы жарияланды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

АҚШ Қазақстанға Pfizer вакцинасының 1 миллион дозасын береді.

Pfizer-BioNTech шығарған вакцинаның 500 мың дозасы ересектерге, қалған 500 мыңы 5-11 жастағы балаларға арналған. АҚШ фармакопеясының талаптарына сәйкес, Fresenius Kabi компаниясы шығарған инъекциялық натрий хлоридінің тиісті мөлшері (дозасы 2 мл (дилюент) беріледі.

Келісімге сәйкес, бұл гуманитарлық көмек тек қазақстандықтарды вакциналауға беріледі. Оларды экспорттап, сатуға тыйым салынады.

26 қазаннан бері Қазақстанда коронавирус жұқтыру қарқыны жоғарылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button