BasNewsЖаңалықтар
АҚШ Қазақстанға Pfizer вакцинасының 1 миллион дозасын береді
Ашық НҚА порталында ҚР үкіметі мен АҚШ денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі арасындағы гуманитарлық көмек көрсету туралы келісім жобасы жарияланды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
АҚШ Қазақстанға Pfizer вакцинасының 1 миллион дозасын береді.
Pfizer-BioNTech шығарған вакцинаның 500 мың дозасы ересектерге, қалған 500 мыңы 5-11 жастағы балаларға арналған. АҚШ фармакопеясының талаптарына сәйкес, Fresenius Kabi компаниясы шығарған инъекциялық натрий хлоридінің тиісті мөлшері (дозасы 2 мл (дилюент) беріледі.
Келісімге сәйкес, бұл гуманитарлық көмек тек қазақстандықтарды вакциналауға беріледі. Оларды экспорттап, сатуға тыйым салынады.
26 қазаннан бері Қазақстанда коронавирус жұқтыру қарқыны жоғарылады.



