Қостанайда жоғалған қыз даладан өлі табылды
Қостанай облысында жоғалып кеткен тұрғын даладан өлі табылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
3 қарашада жоғалып кеткен 26 жастағы Галина Галкина даладан өлі табылған. Бұл туралы еріктілер әлеуметтік желідегі парақшасында жазған. Полиция да бұл ақпаратты растаған.
«Бүгін сағат 15.00-де полицейлер далада іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде жоғалған қыздың мәйітін тапты. Полиция іздестіру жұмысы 3 қарашада анасы полицияға жүгінген кезде басталғанын атап өтті», – деді Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.
Қыз жоғалған күні соталды тергеу бастау туралы іс жүргізу шешімі қабылданған. Қазір өлім себебін анықтайтын сот-медициналық сараптама тағайындалған.
Айта кетейік, ол 3 қарашада кешке жоғалып кеткен. Галина Галкина сағат 17.00-де Қарабалық ауданы Боскөл ауылындағы Қазпошта ғимаратынан шығып, жоғалып кеткен.