Коронавирустан қайтыс болған әйел Алматыға құдалыққа барған – әкімдік
Коронавирустан қайтыс болған 64 жастағы әйел Алматы мен Шуға барған. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев айтты, – деп хабарлайды BasNews.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Ол Алматыға құдалыққа барған, сосын Шуға қонаққа барған. Барлық жаққа пойызбен барған. Жеке үйде тұрған»,- деді облыс әкімі.
Кеше, 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында тұратын әйелдің коронавирустан қайтыс болғаны хабарланған еді. Бұл – коронавирустың жаңа түрінен Қазақстанда тіркелген алғашқы өлім.
«Нақты мәлімет әзірше жоқ. Ол туыстарынан келген. Алматы мен Шуда қонақта болған. Оны 25 наурызда таңғы уақытта жеткізді, 26 тамызда таңғы сағат 8-де қайтыс болды. 64 жаста еді», – деді әкім.
Мұның алдында Денсаулық сақтау министрлігі әйелдің интенсив терапияның жүргізілуіне қарамастан қайтыс болғанын айтқан еді.



