BasNewsЖаңалықтар

Коронавирустан қайтыс болған әйел Алматыға құдалыққа барған – әкімдік

Коронавирустан қайтыс болған 64 жастағы әйел Алматы мен Шуға барған. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев айтты, – деп хабарлайды BasNews.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ол Алматыға құдалыққа барған, сосын Шуға қонаққа барған. Барлық жаққа пойызбен барған. Жеке үйде тұрған»,- деді облыс әкімі.

Кеше, 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында тұратын әйелдің коронавирустан қайтыс болғаны хабарланған еді. Бұл – коронавирустың жаңа түрінен Қазақстанда тіркелген алғашқы өлім.

«Нақты мәлімет әзірше жоқ. Ол туыстарынан келген. Алматы мен Шуда қонақта болған.  Оны 25 наурызда таңғы уақытта жеткізді, 26 тамызда таңғы сағат 8-де қайтыс болды. 64 жаста еді», – деді әкім.

Мұның алдында Денсаулық сақтау министрлігі әйелдің интенсив терапияның жүргізілуіне қарамастан қайтыс болғанын айтқан еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button