BasNewsЖаңалықтар
Маңғыстау облысында мұнайшылар көне жәдігер тауып алды
Маңғыстау облысында мұнайшылар Дунга кен орны аумағынан көне қорымды тапты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, жұмысшылар жазуы бар көне құлпытас тапқан. Ол қазір қоршауға алынған.
Сурет:
Қорымның өзі жолдан 30-40 метр жерде, Ақтау-Форт-Шевченко тасжолының 36-шақырымында орналасқан. Бұл жерде мұнайшылардың даладағы кеңсесі бар. Құлпытас сол маңнан қазылған ордан шыққан.
«Бұл олжа археологтарымызға зерттеу жұмыстарын жүргізуге көмектеседі деп сенеміз», – дейді жұмысшылар.