BasNewsЖаңалықтар

Маңғыстау облысында мұнайшылар көне жәдігер тауып алды

Маңғыстау облысында мұнайшылар Дунга кен орны аумағынан көне қорымды тапты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, жұмысшылар жазуы бар көне құлпытас тапқан. Ол қазір қоршауға алынған.

Сурет:

Қорымның өзі жолдан 30-40 метр жерде, Ақтау-Форт-Шевченко тасжолының 36-шақырымында орналасқан. Бұл жерде мұнайшылардың даладағы кеңсесі бар. Құлпытас сол маңнан қазылған ордан шыққан.

«Бұл олжа археологтарымызға зерттеу жұмыстарын жүргізуге көмектеседі деп сенеміз», – дейді жұмысшылар.

Back to top button