BasNewsЖаңалықтар

Екібастұзда жылу электр орталығындағы апат салдарынан үш қазандық тоқтады

Екібастұз жылу электр орталығында түнде болған апат салдарынан үш қазандық соқтады. Нәтижесінде 7 қаңтарға қараған түні үйлердің бір бөлігінде жылу батареялары суып қалған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Павлодарэнерго» АҚ өкілдерінің мәліметінше жылудың төмендеуі штаттан тыс жағдайға байланысты болған.

«7 қаңтарға қараған түні Екібастұз ЖЭО-да штаттан тыс жағдай болды. Үш жұмыс істейтін қазандық тоқтатылды», – деді «Павлодарэнерго» АҚ Бас директорының міндетін атқарушы Вадим Лесин.

Лесиннің сөзінше, қызметкерлер апатты қалпына келтірген. Ал таңертең үш қазандық қайта іске қосылды.

«Қазір жұмыста бес қазандық агрегаты бар. Қала температурасы 47 градусқа дейін төмендеді. Қазір ол көтеріліп жатыр. Жағдай бақылауда қалады және тұрақтанады. Тәуліктің соңына қарай тағы бір қазандық агрегатының жөндеуден шығуын күтеміз», – деп қосты Лесин.

Back to top button