Жаңалықтар
Судағы қауіпсіздік – әркімнің жауапкершілігі

Ұлытау облысының әкімдігі судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
Жабдықталмаған және шомылуға тыйым салынған орындарда суға түспеңіздер. Тыйым салу белгілерін елемеу қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін.
Құрметті ата-аналар! Балаларды су айдындарының жанында қараусыз қалдырмаңыздар және олардың өз бетінше шомылуына жол бермеңіздер.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар. Қауіпсіздік әр адамның жеке жауапкершілігінен басталады.



