BasNewsЖаңалықтар

Коронавирус жұқтырған 12 жастағы алматылық қыз бала жазылып шықты

Алматыда 12 жастағы қыз бала коронавирустан жазылып шықты, деп хабарлайды BasNews.kz.

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ол бүгін балалар жұқпалы аурулар ауруханасынан үйіне шығарылды.

«Бала вирусқа қарсы және симптоматикалық ем-домның толық курсын алды. Ауру жеңіл формада өтті», – деді басқармадан.

Айта кету керек, 12 жастағы қыз бала 13 мамырда түнде Берлин-Минск-Алматы чартерлік рейсімен келген. Сол түні борттағы экипаж бен жолаушылардың барлығы бірден оқшауланған болатын.

Бұл Алматы ауруханаларынан жазылып шыққан 3-пациент. Олардың барлығы 14 күн дәрігерлердің бақылауында үй карантинінде болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button