BasNewsЖаңалықтар

Алматыда ер адам сүйіктісін өлтіріп, кейін өз-өзіне қол жұмсаған

20 қаңтарда Алматы қаласында ер адам қызды өлтіріп, артынша өзіне қол салған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес қыз ер адамның сүйіктісі болуы мүмкін.

«Бүгін Розыбакиев көшесі маңында кісі өлімі мен суицид болды. Ер адам салонға кіріп, кездесіп жүрген қызын өлтіріп, кейін өзіне қол салды», – делінген жазбада.

Аталған дерекке қатысты пікір білдірген полиция департаменті қылмыстық іс қозғалып жатқанын мәлімдеді.

«Сараптамалар тағайындалды. Кісі өлтіру мен өзін-өзі өлтірудің мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады полиция өкілдері.

Back to top button