BasNewsЖаңалықтар
Елімізде коронавирус инфекциясының 93 жаңа жағдайы анықталды
Қазақстанда тәулігіне коронавирус жұқтырғандар саны артып жатыр. Мұны COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК дерегінен байқауға болады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Кейінгі тәулікте коронавирус инфекциясының – 93, коронавирус белгілері бар пневмонияның 4 жағдайы тіркелген.
11 ақпандағы мәлімет бойынша, қазір өңірлерде коронавирустан 1 670 адам (коронавирус КВИ+) – 1 508, пневмония (КВИ-) – 162 адам емделіп, оның ішінде 137 науқас стационарда, 1 533 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
– 6 адамның жағдайы ауыр,
– 4 науқастың жағдайы өте ауыр,
– 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.