BasNewsЖаңалықтар

Елімізде коронавирус инфекциясының 93 жаңа жағдайы анықталды

Қазақстанда тәулігіне коронавирус жұқтырғандар саны артып жатыр. Мұны COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК дерегінен байқауға болады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Кейінгі тәулікте коронавирус инфекциясының – 93, коронавирус белгілері бар пневмонияның 4 жағдайы тіркелген.

11 ақпандағы мәлімет бойынша, қазір өңірлерде коронавирустан 1 670 адам (коронавирус КВИ+) – 1 508, пневмония (КВИ-) – 162 адам емделіп, оның ішінде 137 науқас стационарда, 1 533 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

– 6 адамның жағдайы ауыр,

– 4 науқастың жағдайы өте ауыр,

– 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Back to top button