Түркістан облысы

Мәжіліс сайлауына бақылау жасайтын тағы 7 шетелдік байқаушы тіркелді

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы 19 наурызда өтетін кезектен тыс Мәжіліс сайлауына тағы 7 шетелдік байқаушыны аккредиттеді.

«Халықаралық байқау институты ашылғаннан бері 6 шет мемлекеттен, 3 халықаралық ұйымнан 72 байқаушы ресми тіркеуден өтті. Бүгінгі таңда Сыртқы істер министрлігі 3 шет мемлекеттен 7 байқаушыны тіркеуден өткізуді ұсынды. Атап айтсақ, Орталық сайлау комиссиясының шақыруы бойынша Армения Республикасынан 2 және Грузиядан 2 байқаушы – аталған мемлекеттердің орталық сайлау комиссиясы мүшелері мен өкілдері. Сондай-ақ, Франция Республикасынан 3 кандидатура, оның ішінде құрметті Елші мырза мен дипломаттар тіркеуге ұсынылды», – деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман комиссия отырысында.

Осыдан кейін Орталық сайлау комиссиясы ұсынылған байқаушыларды тіркеу жөнінде қаулы қабылдады.

Back to top button