Түркістан облысы

ТҮРКІСТАН: «BAYTAQ» ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНАН ПАРТИЯЛЫҚ ТІЗІММЕН ҰСЫНЫЛҒАН КАНДИДАТТАР ТІРКЕЛДІ

Биылғы саяси науқан жақындаған сайын Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының жұмысы да қыза түсті.
2023 жылдың 14 ақпаны күні комиссияның кезекті отырысы өткізіліп, онда облыстағы саяси партиялар филиалдары партиялық тізімдермен ұсынған кандидаттар тіркелді.
Жиынға «Baytaq» жасылдар партиясы облыстық филиалының төрағасы Бекжан Нәлібай қатысты. Жасылдар партиясы бойынша тізіммен ұсынылған кандидаттардың сайлау заңы талаптарына сәйкестіктері ескеріліп, олардың мемлекеттік кіріс органдарына активтері мен міндеттемелері туралы декларацияларды тапсырғандығы, саяси партияның сайлау жарнасын енгізгендігі назарға алынып, әр партиялар бойынша жекелеген шешімдер қабылданды.
Сонымен қатар филиал арнайы есеп шот ашу (сайлау қорын құру), сенімді өкілдер ұсыну, оларды тіркеп куәліктер беру мәселелері бойынша түсініктемелер берілді. Тіркелген партиялық тізімдерді жергілікті ақпарат құралдарында, аумақтық сайлау комиссиясының интернет ресурсында жариялау тапсырылды.
Комиссия отырысы барысында алдағы сайлауалды үгіт жұмыстарын жүргізу бойынша пікірлер алмасылып, үгіт-насихат жұмыстарын заң талаптары шеңберінде жүргізу, заң бұзушылықтарға жол бермеу ескертілді. Қатысушылар сайлау комиссияның ұсыныстарын қабылдап, жұмыс барысында тығыз байланыста болатынын жеткізді.
Естеріңізга салсақ, Түркістан облысы мәслихатына 5 үміткер партия тізімімен және 2 үміткер мажоритарлық тізіммен ұсынылған. ҚР Мәжілісіне мажоритарлық тізіммен 1 кандидат құжаттарын өткізген.

Back to top button