ШЫМКЕНТТЕГІ ҚАН ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ AMANAT ПАРТИЯСЫН ҚОЛДАУҒА ДАЙЫН

Бүгін AMANAT партиясы Шымкент қалалық штабының мүшелері Қан орталығында болып, медицина қызметкерлеріне партияның «Халықпен бірге» атты сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
—AMANAT партиясы отандық денсаулық сақтау саласының дамытуды, сапалы медицинаның қарапайым азаматтарға қол жетімді болуын қамтамасыз етуді өз қызметінің негізгі бағыттарының бірі етіп алып отыр. Сондықтан партия медицина қызметкерлерінің орташа жалақысын жыл сайын көтеріп отыруды Үкіметтің алдына міндет етіп қояды. Мұнан бөлек болашақ дәрігерлерді даярлауға мемлекет тарапынан бөлінетін гранттарды көбейту жоспарланып отыр, — дейді AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Бахадыр Нарымбетов.

Айта кетейік, партияның аймақтық сайлауалды бағдарламасында алдағы 5 жылда 4 емхана мен 12 медицина орталығын, заманауи перенаталдық орталық пен көпбейінді аурухана салу көзделген.
Кездесуде Қан орталығының мамандары аманаттықтарға өздерін мазалайтын сауалдарын қойып, ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, алдағы саяси додада AMANAT партиясын қолдайтындарын жеткізді.
Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді



