BasNewsЖаңалықтар

Қарағандыға ұшып келген алты студенттен коронавирус анықталды

Қарағандыға 18 наурызда ұшып келген алты студенттен коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды BasNews.kz coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

«Қарағанды облысының орталығында короновирус жұқтырғандар саны 13-ке жетті. Бүгін инфекция жұқтырған алты студент анықталды, олар Қарағанды қаласына 18 наурызда ұшып келген. Рейспен келген барлық жолаушылар бірден карантинге жатқызылды. Пациенттердің жағдайын дәрігерлер қанағаттанарлық деп бағалайды», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 302 адамға жеткен болатын. Бүгін сағат 18:50-де жаңа 8 жағдай тіркелсе, соның алтауы Қарағанды облысында анықталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button