Новости

«Ұлттық мұра» құндылықтарды қорғайды

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының фронт-офисінде кездесу өтті. Онда партияның «Ұлттық мұра» жобасын жүзеге асыру бойынша әріптестер бас қосты.

Жиынға белгілі айтыскер ақындар Ақмарал Леубаева, Анар Жаппарқұлова сынды мәдениет саласының өкілдері, партияның Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Бекайдар Төлегенов, ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттығына үміткерлер Жадыра Таңатарова, Бақтияр Спанов, Тахирбек Нишанбаев, Талғат Балтабаев, қоғамдық кеңес мүшесі Артықбай Үсенбаев қатысты.

Жиынға қатысушылар партияның сайлауалды бағдарламасымен танысып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар жайлы әңгіме өрбітті. Осы орайда «AMANAT» партиясы жаңа мәдени нысандардың инфрақұрылымын құруға және дамытуға ықпал етуді жоспарлап отырғанын атап өту қажет.

Мәселен, партия биыл 500 орынды Оқушылар сарайы мен Б.Майлин атындағы 150 орынды балалар шығармашылық орталығын салуға атсалысса, келер жылы 2000 орынды Конгресс-холл, 90 орынды Қайнарбұлақ және Базарқақпа мәдениет үйлерін салуға ықпал етпек. Сонымен бірге, 2025 жылы 90 орынды Көкбұлақ және Өтеміс мәдениет үйлерін тұрғызуға күш салады. Нәтижесінде қаладағы мәдени нысандардың саны артып, тұрғындарының мәдени өмірі жақсаратын болады.
Жиынға қатысушылар саяси науқанға белсене атсалысып, «AMANAT” партиясын қолдайтындарын жеткізді.AMANAT партиясын қолдайтындарын жеткізді.

Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button