Түркістан облысы
Түркістан облысында депутаттардың сайлауына қатысты 23 дауыс беру учаскесі белгіленді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 19 қаңтардағы Жарлығымен жетінші сайланған ҚР Парламентінің мәжілісін таратып, ҚР Парламенті мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын 19 наурызға тағайындады.
Әділет министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 7 саяси партия тіркелген:
• Amanat партиясы;
• «Ақ Жол» Қазақстанның демократиялық партиясы;
• Қазақстан Халық партиясы;
• «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;
• «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия»;
• Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы;
• «Respublica партиясы» қоғамдық бірлестігі.
Түркістан облысы бойынша сіз дауыс бере алатын 23 участок бекітілді. 19 наурыз күні ҚР Парламенті мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізіп алмаңыз!