Түркістан: Келесте алғаш болып берген ақсақалға шапан жауып, Науызбен құттықтады
Бүгін Қазақстанда Парламент Мәжілісі депутаттары мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтуде.
Осы орайда Түркістан облысының Келес ауданында 61 сайлау учаскесі таңғы сағат 7:00ден бастап Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалып, өз жұмыстарын бастады. Өз таңдауын жасауға алғаш келген сайлаушыларға арнайы сыйлықтар табысталуда.
Атап айтсақ, Жолбасшы елді мекеніндегі №334 сайлау учаскесіне алғашқылардан болып өз таңдауын жасауға келген Асылбек Сайдуллаев ақсақалға сайлау учаскесің төрағасы қазақи шапан жауып, мерекемен құттықтады.
Еске сала кетсек, 19 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші сайланған ҚР Парламентінің Мәжілісін тарату және 19 наурыз күні Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойған еді. Бұл күні Мәжіліспен қатар мәслихат депутаттарын да кезектен тыс сайлау ұсынылды.