BasNewsЖаңалықтар

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын қызметінен босатты

Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Қадырұлы Тортаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1967 жылы 18 қыркүйекте Семей қаласында туған.
1991 жылы Мәскеу мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

1991-1995 жылдары – коммерциялық құрылымдарда қызмет еткен.
1996-1997 жылдары – Семей облыстық Экономика басқармасының бас маманы;
1997-1998 жылдары – Семей қаласы әкім аппараты құрама экономикалық бөлімінің консультанты;
1998-1999 жылдары  – Шығыс Қазақстан облыстық Статистика басқармасы бастығының орынбасары;
1999-2002 жылдары– Шығыс Қазақстан облыстық Статистика басқармасы ақпараттық-статистикалық орталығының бастығы;

2002-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Агенттігі төрағасының статистика бойынша орынбасары;
2008-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің директоры;

2010-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің директоры;
2011-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

2017-2019 жылдары  – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы;
2019 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметін атқарды.

Back to top button