BasNewsЖаңалықтар
Доллар тағы арзандады
Қазақстанның Ұлттық банкі 10 сәуірге арналған доллар бағамын белгіледі, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Бүгін, яғни дүйсенбіде доллар бағамы 445,01 теңге болып бекітілді.
Айта кетейік, өткен аптаның соңында америкалық валюта бағамы 447,31 теңге болған еді.
Қазақстандық қор биржасының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 447 теңгеден сатып алынып, 451 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында да орташа есеппен 446 теңгеден сатып алынып, 450 теңгеден сатылып жатыр.